Құдайберген Арымбек энергетика вице-министрі лауазымынан босатылды

Құдайберген Арымбек өз өтініші бойынша Энергетика министрлігінің вице-министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды DailyKZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құдайберген Арымбек туралы қысқаша мәлімет
Құдайберген Берікұлы 1987 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Ол Уфа мемлекеттік мұнай-техникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы ретінде бастаған.
2012–2014 жылдары – Республика Қазастан Мұнай және газ министрлігінің Мемлекеттік инспекция комитеті басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы.
2014–2021 жылдары – Энергетика министрлігінде бас сарапшы, басқарма басшысы, департаменттің орынбасары қызметтерін атқарған.
2021 жылдан бастап – Энергетика министрлігінің департамент директоры болған.
Қосымша жаңалықтар
Бүгін бұрынғы ҚР экология министрі Зульфия Сүлейменова Сыртқы істер министрлігінде ерекше тапсырмалар жөніндегі елші болып тағайындалды.
Сонымен қатар, Марат Ірменов Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасының орынбасары болып бекітілген.




