«Қайрат» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығып, қанша ақша тапты

Алматылық «Қайрат» футбол клубы тарихта алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Sports.kz хабарлауынша, клубтың бұл жетістігі қандай қаржылық нәтиже әкелгені белгілі болды.
Квалификациядағы жолы
«Қайрат» квалификация кезеңінде бірнеше команданы жеңді:
- Словенияның «Олимпиясы» – екі матчтың жалпы есебі 3:1
- Финляндияның КуПС – 3:2
- Словакияның «Слованы» – негізгі уақыт 1:1, пенальти 4:3
- Плей-офф кезеңінде Шотландияның «Селтигін» – негізгі уақыт 0:0, пенальти 3:2
Осылайша алматылық клуб топтық кезеңге шығу арқылы 18,62 миллион еуро (шамамен 11,6 миллиард теңге) тапты.
Негізгі кезеңде сыйлықтар
Топтық кезеңде де ұпай үшін сыйақы қарастырылған:
- Жеңіс үшін – 2,1 миллион еуро (шамамен 1,3 миллиард теңге)
- Тең есеп үшін – 700 мың еуро (шамамен 436 миллион теңге)
Тарихи жеңіс пен реакциялар
Еске сала кетсек, «Қайрат» плей-офф кезеңінде «Селтикті» жеңіп, алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды. Желіде футболшылардың киім ауыстыру бөлмесінде қуанышты сәттері жарияланды. Ал «Селтиктің» бас бапкері Брендан Роджерс ойыннан кейін пікір білдірді, UEFA тарихи жеңіске назар аударды.
Қазақстандық жанкүйерлер бұл жеңісті ерекше атап өтті, ал Алматыдағы «Көк-Төбе» телемұнарасы «Қайраттың» символикасымен жарықтандырылды.