Спорт

“Қайрат” — “Селтик”: Чемпиондар лигасының жауап матчының тікелей трансляциясы

26 тамыз, сейсенбі күні Алматының “Қайрат” футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасы 2025/26 маусымының плей-офф кезеңіндегі шешуші іріктеу ойынын өткізеді, деп хабарлайды dailykz. Қарсылас — Шотландияның атақты “Селтик” клубы.

Матч қашан және қайда өтеді?

Жауапты кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Ойынның басталу уақыты — 21:45. “Қайраттың” мәліметінше, барлық билеттер сатылып кеткен. Қала полициясы күшейтілген режимге көшті, ал жанкүйерлер үшін негізгі көлік тораптарынан стадионға дейін және кері бағытта тегін автобустар қатынайды.

Алғашқы матч Глазгода өтіп, 0:0 есебімен аяқталды. Егер Алматыдағы кездесу негізгі және қосымша уақытта тең аяқталса, жеңімпаз пенальти сериясында анықталады. Жеңген команда Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алады, ұтылғаны Еуропа лигасының топтық кезеңіне түседі.

Қайдан көруге болады?

Матчтың ресми тікелей трансляциясын “Qazsport” және “QSport” телеарналары, сондай-ақ “Кинопоиск” онлайн-платформасы жүргізеді.

Командалардың жетістіктері

“Қайрат” өткен маусымда Қазақстан чемпионатын төртінші рет жеңіп алды. “Селтик” болса, 55-ші рет (!) Шотландия лигасында чемпион атанды — бұл ел тарихындағы ең титулды клуб.

Алматылық команда бұған дейін Чемпиондар лигасында екі рет ойнап, екінші іріктеу кезеңінен әрі аса алмаған еді. Ал биылғы маусымда клуб тарихындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді. Жолдама үшін “Қайрат” Словенияның “Олимпиясын”, Финляндияның “КуПС-ын” және Словакияның “Слованын” жарыстан шығарды.

“Селтик” 2011/12 маусымынан бері тұрақты түрде Еурокубоктардың топтық кезеңінде ойнап келеді. 1967 жылы клуб Чемпиондар лигасының (сол кездегі Кубок чемпионов) жеңімпазы атанған.

Қазіргі жағдайы

Қазақстан чемпионаты “көктем–күз” жүйесі бойынша өтіп жатыр. 20 турдан кейін “Қайрат” 43 ұпаймен үшінші орында тұр. Ал “Тобыл” (44) мен “Астана” (43) негізгі бәсекелестер саналады.

Шотландия лигасы жаңа ғана басталды. “Селтик” алғашқы үш ойында жеңіске жетіп (6:0), турнир кестесінде көш бастап келеді. Соңғы турда клуб “Ливингстонды” 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Құрамдар және негізгі ойыншылар

“Қайраттың” ең қымбат футболшысы — 17 жастағы шабуылшы Дастан Сатпаев (1,8 млн еуро). Алайда ол “Селтикке” қарсы ойынға шықпайды: себеп — сары карточкалардың көптігі. Сондай-ақ қақпашы Александр Заруцкий мен грузин жартылай қорғаушысы Гиорги Зария жарақатына байланысты алаңға шықпайды. Бразилиялық Эдмилсонның да ойыны күмән тудырады.

“Селтикте” бірінші матчта жарақат алған канадалық қорғаушы Алистер Джонстон жауапты кездесуде ойнамайды.

Шотландиялық клубтың ең қымбат футболшысы — Жапония құрамасының вингері Дайзен Маэда (15 млн еуро). Жалпы команданың құны — 131,15 млн еуро. “Қайраттың” бағаланған құрамы — 12,45 млн еуро.

Бас бапкерлер

“Қайраттың” тізгінін 46 жастағы қазақстандық маман Рафаэль Уразбахтин ұстап отыр. “Селтикті” 52 жастағы тәжірибелі солтүстік ирландиялық бапкер Брендан Роджерс жаттықтырады.

Жауапты матч Алматыдағы Орталық стадионда футбол мерекесіне айналуы ықтимал. “Қайрат” — “Селтик” ойыны Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өту үшін шешуші сәт болмақ.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button