Спорт

«Қайраттан» жеңілгеніне «Селтик» бапкері пікір білдірді: «Бұл үлкен өкініш»

Шотландиялық «Селтиктің» бас бапкері Брендан Роджерс Алматыда өткен шешуші матчтан кейін ойынға қатысты өз ойымен бөлісті. Оның сөздерін UEFA ресми сайты Amazon Prime-ға сілтеме жасай отырып жариялады, деп хабарлайды dailykz.

Матч қалай өтті?

Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің жауапты ойыны Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Қосымша уақыт та жеңімпазды анықтай алмады, ал пенальти сериясында «Қайрат» мықтырақ болып, тарихта алғаш рет турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды. Ал «Селтик» Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетеді.

Роджерстің ойы

«Біз жаман қорғанған жоқпыз, бірақ жеңіске жете алмадық. Әсіресе екінші тайм мен қосымша уақытта жақсы мүмкіндіктер болды. Бірақ пенальтиге келгенде бәрі болуы мүмкін», — деді Роджерс.

Солтүстік ирландиялық маман өткен маусымды да еске алды. Ол кезде «Селтик» Чемпиондар лигасының плей-оффына шыққанымен, 1/8 финалға берілетін жолдаманы Мюнхеннің «Бавариясына» жол беріп алған.

«[“Қайраттан” жеңілу] біз үшін өте өкінішті. Біз мұндай деңгейде өз мүмкіндігімізді көрсеткенбіз, алайда осы екі ойында соған қол жеткізе алмадық. Өте қынжылтатын жағдай, себебі өткен маусымда дұрыс бағытта келе жатқан едік», — деді Роджерс.

«Қайраттың» тарихи жетістігі

Еске сала кетсек, алматылық «Қайрат» алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды. Қарсыластары 28 тамыздағы жеребе тарту рәсімінде анықталады.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button