Қазақстанға арналған әлемдік тәжірибе: ГМК-ны қолдау және инвесторды үркітпеу жолдары (1-бөлім)

Сарапшылардың болжамынша, ГМК (горнодобываушы және металлургия кешені) өнімдеріне, әсіресе стратегиялық маңызды металдарға сұраныс алдағы жылдары қарқынды өседі. Бұл, ең алдымен, төмен көміртекті экономикаға көшу үрдісіне байланысты. Келесі 30 жылда әлем адамзат тарихындағы соңғы 70 мың жылда өндірілгеннен де көп рудалы пайдалы қазба өндіреді деп күтілуде. Сондықтан мемлекеттер саланы тиімді реттеу үлгісін құруға тырысып жатыр. Мұнда басты қағидаттар — ашықтық пен болжамдылық.
Осы бағытта теңгерімді саясат ұстанып отырған елдер қатарында Австралия, Канада және Чили бар.
Австралия: қайта өңдеуге ынталандыратын роялти жүйесі
ГМК Австралия экономикасының негізгі секторы саналады — елдің ЖІӨ-нің шамамен 11%-ын және тауарлық экспорттың 60%-дан астамын қамтамасыз етеді. 2023–2024 жылы сала бюджетке салық пен роялти түрінде 59,4 млрд австралиялық доллар әкелді.
Саланың табысы үш факторға негізделген: тұрақты саясат, айқын салық жүйесі және Азия нарығына қолжетімділік. Федералдық салық штаттардағы икемді роялти шкаласымен үйлеседі. Мысалы, Батыс Австралияда темір кені терең өңдеусіз сатылса — 7,5% роялти, концентратқа дейін өңделсе — 5%, таза металға айналса — бар-жоғы 2,5%.
Дегенмен, Австралия әлі де негізінен шикізат экспорттаушысы болып қалуда, бірақ соған қарамастан дамыған ГМК мен тұрақты экономикаға ие.
Қазақстан не үйрене алады?
Бізде штаттар болмаса да, Налог кодексіндегі өзгерістер арқылы роялти жүйесін кезең-кезеңімен енгізуге болады. Қазір кейбір компаниялар роялти негізінде жұмыс істегісі келеді, ал басқалары әлі де келісімшарт пен НДПИ төлеу тәртібінде. Экономикалық жағдай мүмкіндік берсе, роялтиге көшу нұсқасын қарастыру саланың ашықтығы мен болжамдылығын арттырады.
Канада: салықтық ынталандыру
Канада — ГМК бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі. Мұндағы табыстың басты себебі — инвестицияға тартымды әрі тұрақты салық саясаты. Елде барлау жұмыстары мен экологиялық таза технологияларға салынған инвестиция үшін салықтық жеңілдіктер бар:
- геологиялық барлау шығындарының 38%-ына дейін қайтару;
- «таза» технологияларға салынған қаржыға 30%-ға дейін салықтық кредит.
Бұдан бөлек, flow-through shares механизмі жұмыс істейді: компаниялар барлау шығындары бойынша салықтық шегерімді тікелей инвесторға бере алады. Бұл ерте кезеңдегі жобаларды қаржыландыру тәуекелін азайтады.
Қазақстанға қолдануға бола ма?
Бізде барлау шығындары жоғары, ал жобалар ауқымды қаржы талап етеді. Сол себепті салықтық «жеңілдіктер» немесе арнайы қолдау бағдарламалары нарықты жандандыра алар еді. Мұндай механизмдерді KASE немесе AIX алаңында іске асыруға болады, бірақ ол үшін салық заңнамасына өзгерістер енгізу қажет.
Чили: жоғары, бірақ шектеулі салық
Чили — әлемдегі ірі мыс және литий өндіруші ел. 2023 жылы мұнда прогрессивті салық енгізілді: пайдадан (EBITDA) 14%-ға дейін және сатудан 1%-ға дейін. Бірақ заң бойынша жалпы салық жүктемесі 46,5%-дан аспауы тиіс. Бұл төмен баға кезеңінде де инвестициялық тартымдылықты сақтауға мүмкіндік береді.
Қазақстанға сабақ
Біздің елде саладағы салықтық жүктеме 55–60%-ға жеткен. Бұл Чилидің «қызыл сызығынан» асып кеткенін білдіреді. Инвестиция кетуін болдырмау үшін фискалдық қысымды арттырмау маңызды.
Негізгі қорытынды
Қазақстан — унитарлық мемлекет, сондықтан Австралия мен Канададағыдай аймақтық салық саясатын тікелей көшіру мүмкін емес. Бірақ олардың сәтті элементтерін ұлттық деңгейде бейімдеп, өзіміздің тұрақты әрі болжамды реттеу моделін құруға болады.
Мали, Замбия және Моңғолия тәжірибесі керісінше, шамадан тыс мемлекеттік араласу мен салық қысымының салдарынан инвесторлардың кетуіне және өндірістің құлдырауына әкелгенін көрсетті.
Халықаралық тәжірибе бір нәрсені дәлелдейді: ГМК-ны дамыту үшін ашық, тұрақты және өсуге бағытталған саясат қажет. Бұл сала Қазақстан индустриясы мен жоғары қосылған құнды экспорттың негізгі тірегіне айнала алады.