Спорт

Қазақстан құрамасы Бельгиядан 0:6 есебімен ұтылып, Әли Әлиев отставкаға кетті

Қазақстан ұлттық футбол құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгиядан ірі есеппен жеңіліп қалды, деп хабарлайды dailykz тілшісі.

Матч барысы

Алтыншы тур аясында өткен кездесу Брюссельдегі «Лотто Парк» стадионында өтті. Нәтижесінде алаң иелері 6:0 есебімен айқын басымдық танытты.

Бельгия сапынан Кевин Де Брюйне (42, 84-минуттар) мен Жереми Доку (44, 60) дубль жасады. Сондай-ақ Николас Раскин (51) ұлттық құрамадағы алғашқы голын соқса, Тома Менье (87) нәтижені түйіндеді.

Статистика

Ойын бойы «қызыл сайтан» футболшылары 34 соққы бағыттап, оның 14-і қақпаға дәл тиді. Қазақстан қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен сегіз мәрте қауіпті соққыны қайтарды. Қонақтар болса, бар-жоғы бес соққы жасап, оның екеуін қақпаға дарыта алды.

Құрама жағдайы

Бұл – Әли Әлиев бапкерлігі кезеңіндегі ең ірі жеңіліс әрі төртінші қатарынан сәтсіздік. Қазақстан құрамасы бес ойында үш ұпай жинап, J тобында төртінші орында тұр. Қазір олар тек бірде-бір ұпай ала алмаған Лихтенштейннен ғана жоғары.

Ал Бельгия төрт кездесуден кейін 10 ұпай жинап, екінші орынға көтерілді. Турнир кестесін бес матчтан кейін 11 ұпайы бар Уэльс құрамасы бастап келеді.

Әлем чемпионатына жол

Қазақстан құрамасы топта бірінші орын алуға және тікелей ӘЧ-2026 жолдамасына үміткер болу мүмкіндігін жоғалтты. Дегенмен, екінші орынға шығуға математикалық мүмкіндік бар. Ол жағдайда команда плей-офф кезеңінде бақ сынап, УЕФА аймағынан берілетін қосымша төрт жолдаманың біріне таласады.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button