Спорт

Қазақстан құрамасы ескекпен слалом жасаудан Азия чемпионатында тағы екі медаль жеңіп алды

Қытайдың Сяси қаласында өткен 2025 жылғы ескекпен слалом жасаудан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстандық спортшылар соңғы күнгі жарыста тағы екі рет жүлдегер атанды, деп хабарлайды dailykz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Қорытынды күні спортшылар “байдарка-кросс” бағдарламасында бақ сынады. Ерлер арасында Александр Коробов күміс медаль иегері атанса, әйелдер додасында Екатерина Таранцева қола жүлдеге қол жеткізді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 2025 жылғы Азия чемпионатын жалпы бес медальмен аяқтады. Бұған дейін Таранцева байдарка-одиночка жарысында екінші орын алған болатын. Сондай-ақ Александр Куликов пен Анастасия Ананьева каноэ-одиночка сайысында қола жүлдегер атанды.

Жалпы есепте ел намысын тоғыз спортшы жеке және командалық жарыстарда қорғап шықты.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button