Қазақстанда бағаның өсуі қайта жылдамдады

Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің бағасы жылдам өсіп келеді. Тамыз айында баға бір айда 1%, ал соңғы бір жылда 12,2% өсті. Бұл көрсеткіш соңғы екі жылдағы ең жоғары деңгей болып отыр, деп хабарлайды dailykz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, тамызда:
- азық-түлік тауарлары – 0,5% қымбаттаған;
- азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 1%;
- ақылы қызметтер – 1,4% өскен.
Жыл басынан бері бағалар орта есеппен 8,8%, ал жылдық өсім 12,2% құрады. Ең көп қымбаттағаны – ақылы қызметтер (15,3%), азық-түлік тауарлары – 11,7%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 9,7%.
Аймақтар бойынша баға өсімі:
- Қарағанды облысы – 14,4%
- Ұлытау облысы – 13,6%
- Ақмола облысы – 13%
- Астана – 12,8%
- Алматы – 12,7%
- Шымкент – 12%
- Ең төмен инфляция – Жамбыл облысында, 10,4%.
Бағаның айтарлықтай өскен тауарлары:
- жеміс-жидек пен көкөніс – 13,5%
- ет және ет өнімдері – 16,2%
- сүт өнімдері – 8,6%
- жұмыртқа – 8,4%
- қант – 4,9%
- нан өнімдері – 4,1%
- майлар мен майлы өнімдер – 20,5%
Бензин бағасы да бір жылда 8,3% өскен. Киім мен аяқ киім – сәйкесінше 10,2% және 11,6% қымбаттаған. Ал тұрмыстық тазалау құралдары – 3,9% шамасында өскен.
Қызметтер саласы бойынша ең үлкен өсім:
- коммуналдық қызметтер – 17,7%
- су – 95,4%
- су төгілуі – 34,7%
- орталық жылыту – 19,2%
- ыстық су – 17,2%
- электр энергиясы – 16,3%
- тұрғын үйді күтіп ұстау – 11,7%
Айта кетейік, баға өсімі тамыз айында айтарлықтай жеделдеп, 2023 жылғы тамыздағы 13,1% көрсеткішіне жақындады.