Экономика

Қазақстанда жаңа жеңіл көліктердің бағасы төмендеді

Қазақстанда жаңа жеңіл көліктердің бағасы шілде айында 1,8%-ға арзандады. Отандық өндірістегі автокөліктер 2,7%-ға, ал импорттық көліктер 1,3%-ға төмендеді, деп хабарлайды dailykz.

Әдетте қазақстандықтар үшін көлік бағасының өсуі үйреншікті жағдай. Бұған дейін Қазақстанда автокөлік құнының Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) өзге елдерге қарағанда жылдам өсіп жатқаны айтылған еді.

Алайда шілдеде нарықта сирек болатын жағдай тіркелді – жаңа көліктердің бағасы төмендеді. “Талдау” ақпараттық-талдамалық жүйесінің дерегінше, бір ай ішінде баға индексі 1,8%-ға азайды:

  • Отандық жинақтағы жеңіл көліктер – 2,7%-ға;
  • Импорттық көліктер – 1,3%-ға.

Мұндай төмендеу соңғы рет 2024 жылдың сәуірінде, яғни 15 ай бұрын байқалған. Дегенмен бұл тек айлық көрсеткішке қатысты. Жылдық есеп бойынша, жаңа көліктердің бағасы шілде 2024 жылмен салыстырғанда орта есеппен 17,5%-ға жоғары.

Статистика әртүрлі баға сегментіндегі – эконом, орта және премиум класындағы – көліктерді қамтиды. Сондықтан орташа көрсеткіш нарықтағы нақты жағдайды толық дәл бере бермейді.

Ай сайынғы бұл арзандау жылдық өсім қарқынын бәсеңдетті. Маусымда отандық автокөліктердің бағасы жылдық есеппен 19,1%-ға қымбаттаса, шілдеде бұл көрсеткіш 13,9%-ға түсті. Импорттық көліктерде де ұқсас жағдай: 19,4%-дан 16,9%-ға төмендеді.

Қазақстандағы жаңа жеңіл көліктердің бағасының аз да болса төмендеуі автонарықтағы өсім қарқынының бәсеңдеуіне ықпал етті.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button