Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік алғаш рет ана атанды

Международный гроссмейстер Жансая Әбдімәлік алғаш рет ана атанды. Бұл қуанышты жаңалығымен қазақстандық шахматшы Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды dailykz.
Жас ана өзін құттықтаған барша жанға алғысын білдірді.
“Құрметті достар! Құттықтауларыңыз бен жылы сөздеріңіз үшін рахмет! Біз сәбиіммен өзімізді керемет сезініп жатырмыз”, – деп жазды ол.
Бірнеше күн бұрын Жансая жүктілік кезінде түсірілген суреттерін де жариялады.
“Сен менің жүрегімнің астында болған кезіңде-ақ, біз кездескенге дейін сені сүйіп үлгердім”, – деп жазды спортшы фотосының астына.
Қазақстан шахмат федерациясы да Instagram парақшасында спортшыны алғашқы сәбиімен құттықтап, жылы лебізін білдірді:
“Отбасыңыздың партиясы тек дұрыс жүрістерге толы болсын, ал сәбиіңізбен әр күніңіз жаңа жеңіс әкелсін”, – деп жазды федерация өкілдері.
Еске сала кетейік, 2023 жылы Жансая Әбдімәлік тұрмысқа шыққан еді. Оның жұбайы – «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев.
Үйленгеннен кейін спортшыдан, бракқа байланысты мансабын аяқтай ма деген сұрақтар қойылды. 2024 жылы ол әлеуметтік желілерде карьерасына үзіліс жасайтынын мәлімдеді. Алайда Жансая мансабын толық аяқтауды жоспарламағанын атап өтті.
Жақында әлеуметтік желідегі жанкүйер сұрағына жауап берген ол, турнирлерге қатысу жоспарының әзірге жоқ екенін айтты.