Blog

Қазақстандық таеквондошылар Астанада халықаралық турнирде 10 алтын медаль жеңіп алды

Астанада Kazakhstan Open 2025 халықаралық рейтингілік таеквондо турнирінің алғашқы жарыс күні өтті, деп хабарлайды dailykz ҚР Таеквондо федерациясының ресми релизіне сілтеме жасап.

Бас қалада 22 елдің спортшылары 16 салмақ дәрежесі бойынша медальдар үшін бақ сынады. Бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 38 медаль жеңіп алды: 10 алтын, 12 күміс және 16 қола. Қазақстандық таеквондошылар командалық есепте бірінші орынға көтерілді. Екінші орынға Тунис, үшінші орынға Түркия құрамасы жайғасты.

«Сеньорлар» (үлкендер) категориясында еліміздің жетекші спортшылары өнер көрсетті. Солардың ішінде Париж Олимпиадасының қатысушылары Самирхон Абабакиров (-63 кг) және Батырхан Толеугали (-80 кг) ерекше көзге түсті: Абабакиров күміс медаль алса, Толеугали алтын медаль жеңіп алды.

Турнир 16 тамызға дейін жалғасады. Екінші жарыс күнінде әлемнің ең мықты жас спортшылары даянгқа шығып, медальдар үшін күресетін болады.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button