Спорт

Қазақстанның бірінші ракеткасы US Open турнирін жеңіспен бастады

Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина АҚШ-та өтіп жатқан 2025 жылғы US Open жарысын сенімді жеңіспен бастады, деп хабарлайды dailykz.

Әлемдік рейтингте оныншы орында тұрған Данилина бұл турнирге сербиялық Александра Круничпен бірге қатысуда. Екеуі осы маусымда “Ролан Гаррос” финалына дейін жетіп, табысты жұп ретінде көзге түскен болатын. US Open-де олар тоғызыншы нөмірлі спортшылар қатарында тіркелді.

Бірінші айналымдағы айқын басымдық

Алғашқы кезеңде Данилина мен Крунич хорватиялық Антония Ружич пен нидерландтық Бибиан Схофсты екі сетте 6:1, 6:1 есебімен ойсырата жеңді. Кездесу небәрі 1 сағат 2 минутқа созылды.

Матч барысында қазақстандық- сербиялық дуэт бірде-бір эйс орындамағанымен, төрт қос қателікке жол берді. Соған қарамастан, он брейк-пойнттың бесеуін тиімді пайдаланып, өз подачаларын бірде-бір рет жоғалтқан жоқ.

Келесі қарсылас

Екінші айналымда Данилина мен Крунич румын спортшысы Моника Никулеску және латвиялық Анастасия Севастовамен кортқа шығады.

Айта кетейік, US Open — маусымдағы соңғы «Үлкен дулыға» турнирі. Жарыс Нью-Йорктегі хард корттарда өтуде.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button