Спорт
ҚПЛ: “Қайсар” мен “Ордабасы” кездесуі күтпеген нәтижемен аяқталды

Қызылорданың “Қайсар” футбол клубы өз алаңында Шымкенттің “Ордабасымен” тең түсті. Қазақстан премьер-лигасының 20-турындағы матч 1:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды dailykz.
Кездесу Қызылордадағы Ғани Мұратбаев атындағы стадионда өтті. Алғашқы голды 41-минутта пенальтиден Айбар Жақсылықов соқты. Ол – Қазақстан ұлттық құрамасы мен “Қайсардың” шабуылшысы.
Алайда шымкенттіктер 76-минутта есепті теңестірді. Команданы жеңілістен сербиялық қорғаушы Никола Антич құтқарды.
20 тур қорытындысы бойынша “Қайсар” 18 ұпай жинап, турнирлік кестеде 11-орнын сақтап қалды. Ал “Ордабасы” 28 ұпаймен Қазақстан премьер-лигасында жетінші орында тұр.