Қытай оқушылары Тоқаев үшін домбыра тартты

Бүгін Қытайға ресми сапармен барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңдегі Қазақ мәдени орталығын аралап, жергілікті мектеп оқушыларымен кездесті, деп хабарлайды dailykz Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу барысында балалар Мемлекет басшысына қазақ тілін меңгеру деңгейін көрсетті. Сондай-ақ қытайлық оқушылар домбырада қазақ және қытай халық музыкасының танымал шығармаларынан попурри орындады.
Сонымен бірге жоғары мәртебелі қонақтар үшін Бейжің балаларына арналған киіз басу өнері бойынша шеберлік сабағы ұйымдастырылды.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға сапары аясында кеше Бейжіңде Қазақ мәдени орталығының ашылу рәсімі өткен болатын.
Еске сала кетсек, 30 тамызда Президент Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне қатысу үшін Тяньцзиньге барған еді.
Бүгін Бейжіңде қазақ-қытай іскерлік кеңесінің отырысы өтіп, екі ел бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды.
Бұған қоса, жуырда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпиннің келіссөздері нәтижесінде Қазақстанда Лу Бан шеберханасының екінші және үшінші орталықтарының ашылу салтанаты да ұйымдастырылған болатын.