Қызылордадағы оқушыны секс-құлдыққа тарту ісі: полиция тергеуді жалғастыруда

2025 жылдың 1 қазанында Мәжіліс кулуарында сөйлеген Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Қызылордада кәмелетке толмаған қызды секс-құлдыққа тарту ісі бойынша тергеу жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Қызылордадағы іс бойынша — кәмелетке толмаған қыздың қызметін пайдаланған клиенттерге қатысты — өткен аптада өңірге іссапармен барып, тергеу барысын тыңдадым. Қазір қажетті тергеу әрекеттері, соның ішінде жауап алулар мен беттестірулер жүргізілуде. Тергеу процесі мұқият әрі егжей-тегжейлі жалғасып жатыр», — деді Санжар Әділов.
Ол сондай-ақ МВД істі ерекше бақылауда ұстап отырғанын атап өтті.
«Қазір бірқатар адамдар куә ретінде тергеліп жатыр, олардың қорғану құқығы бар. Ал кәмелетке толмаған қыздың қызметін пайдаланғандарға қатысты нақты процессуалдық шешім қабылданады», — деді ол.
Еске салайық, 2024 жылдың жазында Қызылордада мектеп оқушысын өз сыныптастары ұзақ уақыт бойы секс-құлдыққа тартқаны және есірткі беріп қорлағаны туралы оқиға елді дүр сілкіндірген еді.
Осы даудан кейін 4 қыркүйекте Қызылорда облысының білім саласындағы бірнеше лауазымды тұлға қызметінен босатылып, тәртіптік жазаға тартылды.
19 қыркүйекте ІІМ орынбасары Игорь Лепеха бұл іс бойынша 13 күдіктінің анықталғанын айтқан.
Ал 2024 жылдың 11 қарашасында сот аталған іс бойынша алғашқы үкімді шығарған.




