Үштік секс ұсынды: “Челси” экс-жұлдызы даулы жағдайдың ортасында қалды

Бұрынғы «Челси» футболшысы, қазіргі таңда кипрлік «Пафос» клубында ойнайтын Давид Луис даулы жағдайға іліккен – оны қызға жыныстық ұсынысты қабылдамағаны үшін қорқытуға айыптап отыр, деп жазады dailykz The Sun-ға сілтеме жасап.
26 жастағы әлеуметтік қызметкер Кэролайн Кавальканте футболшының оған үштік секс ұсынғанын, бірақ ол бас тартқаннан кейін спортшы тарапынан қорқыту сипатындағы хабарламалар келе бастағанын хабарлады.
Хабарларға қарағанда, сот Луистен қызға жақындамауға тыйым салған. Кавальканте полицияға оның, соның ішінде өзінің ұлына да қатысты қауіп-қатер төндіргенін айтып шағымданған.
Қыздың айтуынша, Луис өзінің байлығы мен ықпалын алға тартқан. Алғашында ол интернет арқылы байланысып, қымбат қонақүйге шақырған. Кейін топтық секс туралы ұсынысқа қатысты даулы жағдай туындаған, ол Кавалькантеге ұнамаған.