Ұлттық қор балалар үшін табыс әкелді ме?

2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан Ұлттық қорының шоттарында 36,1 трлн теңгеден астам қаржы жиналды. Жыл басынан бері сома шамамен 1,4 трлн теңгеге өсті, деп хабарлайды dailykz.
“Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы
Қазақстанда әрбір кәмелетке толмаған азамат Ұлттық қор тапқан инвестициялық табыстың бір бөлігін алатын арнайы бағдарлама жүзеге асып келеді. Бұл бастама ел болашағына жасалған маңызды қадамдардың бірі саналады.
Биыл Нацқордың табысы болмайды, төлемдер тоқтайды деген қауесеттер тараған еді. Алайда соңғы деректер бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын көрсетті.
Инвестициядан түскен табыс
Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 1 қыркүйектегі есебіне сәйкес, жыл басынан бері Ұлттық қорға 5,2 трлн теңгеден астам қаражат түскен. Оның ішінде 47,35%-ы немесе шамамен 2,5 трлн теңгесі инвестициялардан келген.
Сонымен қатар, қаңтар-қыркүйек аралығында қордан шамамен 3,86 трлн теңге алынғанымен, кіріс шығыстан көп болып, Ұлттық қор таза өсім көрсетті.
Ұлттық қор алғаш рет “плюсқа” шықты
Жыл басында қорда 34,73 трлн теңге болса, қыркүйекте бұл көрсеткіш 36,1 трлн теңгеге жетті. Осылайша, Ұлттық қор биыл алғаш рет “плюсқа” шықты.
Айта кетейік, бұған дейін қор шығынға ұшырап, шамамен 1,9 трлн теңге жоғалтқаны хабарланған еді. Қазіргі өсім – жағдайдың тұрақтанып келе жатқанын білдіреді.