Экономика

«Әлеуметтік бағдарлы болып қала береді»: Қазақстан бюджетін алдағы үш жылда қандай мақсатқа жұмсайды

Қаржы министрі Мади Такиев үкімет отырысында 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын таныстырды, деп хабарлайды dailykz.

Бюджет жобасының негізгі көрсеткіштері мынадай:

  • 2026 жылы түсімдер 23,1 трлн теңгені құрайды, бұл ЖІӨ-ге шаққанда 12,6%, ал 2028 жылға қарай 27,6 трлн теңгеге дейін өседі;
  • Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт жыл сайын 2,8 трлн теңге көлемінде белгіленді;
  • Бюджет тапшылығы кезең-кезеңмен азайып, 2026 жылы ЖІӨ-ге 2,5% болса, 2028 жылы 0,9%-ға дейін төмендеуі жоспарланған;
  • Кірістер мен дефицит есебінен шығыстар 2026 жылы 27,7 трлн теңге болып, ағымдағы жыл жоспарына қарағанда 2 трлн теңгеге өседі және 2028 жылы 29,7 трлн теңгені құрайды.

Мади Такиевтің айтуынша, шығыстарды оңтайландыру және басымдықтарын айқындау жұмысы жүргізілген. Негізгі ағымдағы шығыстардың жалпы шығыстардағы үлесі 15%-дан 12,3%-ға төмендетілген.

Бюджет әлеуметтік бағытты болып қала береді.

«Әлеуметтік салаға жұмсалатын шығыстар жалпы шығыстың 38,7%-ын құрайды. Әлеуметтік салаға арналған шығыстар 10 трлн 725 млрд теңге көлемінде жоспарланды. Бұл қаражатқа әлеуметтік төлемдердің 10% индексациясы (орташа инфляция деңгейі) және зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың 288 мың адамға өсуі енгізілген. Сонымен қатар стипендияны арттыру және оқушылар контингентін 19 392 адамға көбейту жоспарланған», – деді министр.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button