Экономика

2010 жылдан бұрын туған қазақстандықтарға 70 мың теңге төлене ме: Еңбек министрлігі түсініктеме берді

Қазақстан азаматтарына 1949–2010 жылдар аралығында туғаны үшін 70 мың теңге көлемінде төлем қарастырылған деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, деп жазады dailykz.

Министрліктің мәліметінше, интернетте аталған жылдар аралығында туған қазақстандықтарға 70 мың теңге беріледі деген жалған ақпарат таратылып жатыр.

«Мұндай әлеуметтік көмек түрі жоқ. Сондықтан көрсетілген сілтеме — алаяқтардың пайдаланушылардың жеке деректерін иемдену тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтардың әрекетіне жол бермеу үшін ешбір жағдайда бұл сілтемеге өтпеуді ұсынамыз.
Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен жіберілген SMS-хабарлама арқылы таратылады. Азаматтардан тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз», – делінген министрлік хабарламасында.

Бұған ұқсас жалған ақпарат бұрын да тараған. Мысалы, «төлемдер комитеті» деген атпен азаматтардан «мемлекеттік баж» төлеуді сұрап, депозиттер бойынша өтемақы береміз деген фейк схема болған.

Өткен жылы да 1949–1998 жылдары туған қазақстандықтарға 50 мың теңге беріледі деген жалған хабарламалар тарап, алаяқтар азаматтарды жаңылыстырған еді.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button