Ламинария деген не – пайдасы мен қолданылуы

Қазіргі таңда медицинада да, халық емінде де жиі қолданылатын бірегей табиғи құралдардың бірі — ламинария. Көп адам оны тек «теңіз балдыры» деп білуі мүмкін, бірақ оның пайдасы бұдан әлдеқайда кең.
Ламинария — бұл суық теңіздерде өсетін қоңыр балдыр. Оның құрамында йод, минералдар, дәрумендер, аминқышқылдары өте көп. Сондықтан ол адамның ағзасына пайдалы микроэлементтермен толықтырады. Ең басты ерекшелігі — йодтың табиғи көзі болуы. Мәселен, қалқанша бездің жұмысы дұрыс болуы үшін йод қажет екенін бәріміз білеміз. Ламинарияны тағамға қосу немесе дәріханалық түрін қолдану йод тапшылығының алдын алады.
Медицинада ламинария тағы бір мақсатта қолданылады: акушерлік тәжірибеде. Кей жағдайларда дәрігерлер жатыр мойнын кеңейту үшін арнайы дайындалған ламинария таяқшаларын қолданады. Балдыр табиғи түрде ылғалды сіңіріп, көлемін үлкейтеді де, жатыр мойнын біртіндеп ашады. Бұл әдіс қауіпсіз және механикалық әдістерге қарағанда жұмсақ әсер етеді.
Ламинарияны үй жағдайында қолданарда міндетті түрде дәрігермен кеңесу маңызды, себебі кей адамдарда аллергия немесе қалқанша безінің аурулары болуы мүмкін.