Афазия деген не — белгілері, түрлері және емдеу жолдары

Кейбір адамдар кенеттен сөйлей алмай қалуы немесе өзгелердің сөзін түсінбеуі мүмкін. Бұл жағдайда «афазия деген не?» деген сұрақ туындайды. Афазия — ми зақымдануынан кейін сөйлеу, түсіну, оқу немесе жазу қабілетінің ішінара немесе толық жоғалуы. Ол көбінесе инсульттен кейін, сондай-ақ ми жарақаттары, ісіктер немесе неврологиялық аурулар салдарынан дамиды.
Афазияның түрлері
Афазия әртүрлі формада кездеседі, мысалы:
- Брока афазиясы (моторлы) — адам ойын түсінеді, бірақ сөйлеуде қиындық көреді;
- Вернике афазиясы (сенсорлы) — сөйлеу ағыны бар, бірақ мағынасыз және түсініксіз;
- Глобальды афазия — сөйлеу де, түсіну де бұзылған;
- Аниомикалық афазия — сөзді табу қиындығы, яғни адам затты біледі, бірақ атауын есіне түсіре алмайды.
Белгілері мен диагнозы
Афазияның негізгі белгілері:
- Сөз табуда қиындық;
- Сөйлем құрай алмау;
- Басқаның айтқанын түсінбеу;
- Дұрыс емес сөздерді қолдану;
- Жазу мен оқуда қиындықтар.
Диагнозды невролог пен логопед қояды. Олар науқастың сөйлеу қабілетін, түсінуін, оқу-жазуын тексеріп, КТ немесе МРТ арқылы миды зерттейді.
Емдеу және қалпына келу
Афазияны емдеу — ұзақ әрі күрделі процесс. Сөйлеу терапиясы басты құрал болып табылады. Логопедпен тұрақты жұмыс істеу, күнделікті тілдік жаттығулар жасау маңызды. Кей жағдайда дәрілік ем де қолданылуы мүмкін.