Спорт
Казақстан мен Өзбекстан боксшылары Азия чемпионатының «алтын» жүлдесін сарапқа салды

Бангкокта (Таиланд) өткен World Boxing ұйымының жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан мен Өзбекстан спортшылары алғаш рет финалда жолықты, деп хабарлайды Sports.kz.
U-19 турнирінде, ерлер арасындағы 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, шешуші жекпе-жекте қазақстандық Бейбарыс Аширбай мен өзбек боксшысы Абдулазиз Журакулов күш сынасты. Тартысты өткен айқаста төрешілердің бөлек шешімімен жеңіс Журакуловқа берілді.
Осылайша, Абдулазиз Журакулов алтын медаль иегері атанса, Бейбарыс Аширбай Азия біріншілігінің күміс жүлдесін еншіледі. Айта кетсек, Бангкоктағы U-19 және U-22 жас санаттары бойынша өткен бұл дода — World Boxing ұйымдастырған құрлықтық жастар чемпионаттарының тарихындағы алғашқысы болды.