Спорт

Самат Смаков Қазақстан чемпионаты тарихындағы үздік футболшыларды атады

«Жетісу» клубының бас бапкері Самат Смаков Қазақстан Премьер-лигасы тарихында өзіне ең әсер еткен футболшылардың есімдерін атады, деп хабарлайды Sports.kz QSport-қа сілтеме жасап.

— КПЛ тарихындағы үздік ойыншылар?
— Тимур Сегізбаев, Құралбек Ордабаев, Сейілда Байшақов, — деді Смаков.

Тимур Сегізбаев кәсіби мансабының барлығын «Қайрат» сапында өткізді. Жартылай қорғаушы ретінде ол 1958-1970 жылдар аралығында алматылық клубтың жейдесімен 212 матчқа шығып, 19 гол соқты.

Құралбек Ордабаев он жыл бойы (1972-1982) «Қайраттың» қақпасын қорғап, 254 ойынға қатысты. Бұған дейін ол Шымкенттің «Металлург» және «Мелиоратор» клубтарында да өнер көрсеткен.

Сейілда Байшақов та «Қайратта» он маусым (1971-1981) ойнады. Сол кезеңде 296 матч өткізіп, 11 мәрте гол соқты. Сонымен қатар, ол Жамбылдың «Энергетик» клубының да сапында болған.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button