Спорт

Черчесов РПЛ-ға оралып, қазақстандықтар қатысқан сенсацияға қол жеткізді

Ресей Премьер-лигасының төртінші турында Грозныйдың «Ахматы» өз алаңында күтпеген жерден Санкт-Петербургтің «Зенитін» жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.

Кездесу 1:0 есебімен аяқталды. 30-минутта «Зенит» қорғаушысы Ваня Дркушич өз қақпасына гол соғып алды. «Ахмат» сапында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов бастапқы құрамда шығып, 57-минутта алаңнан кетті. Ал «Зенит» жағынан қорғаныс шебінде Нұралы Әліп 81-минутта ойынға қосылды.

Бұл ойын — Станислав Черчесовтың «Ахматтағы» алғашқы матчы болды. Үш тур қатарынан жеңілгеннен кейін, грозныйлықтар жаңа маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. «Зениттің» еншісінде бұрынғыдай бес ұпай қалды.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button