Экономика

МӘМС аясында қазақстандықтар қашан медициналық қызмет үшін қосымша ақы төлеуі мүмкін

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысушы азаматтар медициналық көмекті тегін ала алады, бірақ бұл тек дәрігердің жолдамасы және нақты медициналық көрсетілімдер болғанда мүмкін, деп хабарлайды dailykz.

МӘМС қоры мемлекеттен, жеке кәсіпкерлерден, жұмыс берушілерден және жалдамалы қызметкерлерден түсетін жарналар мен аударымдар есебінен қаржыландырылады. Сақтандырылған азаматтар қымбат диагностикалық және емдік қызметтерді — компьютерлік томография, түрлі операциялар, күрделі емдеу әдістері, тіпті экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) сияқты медициналық көмекті — ақысыз ала алады.

Бұл қызметтерге қол жеткізу үшін азамат тіркелген емханасына жүгінеді. Қажет болған жағдайда олар ауруханада да көрсетіледі. Дегенмен, тегін қызмет тек клиникалық хаттамаға және емдеуші дәрігер бекіткен ем жоспарына сәйкес ұсынылады.

Алматы қаласы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының өкілдері түсіндіргендей:

«Тәулік бойы жұмыс істейтін стационарда барлық қызмет негізгі ауруға байланысты көрсетіледі. Диагностика мен емдеу ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен клиникалық хаттамалар мен стандарттарға сай жүргізіледі. Егер науқас хаттамада қарастырылмаған қосымша тексеру немесе қызмет алғысы келсе, ол тіркелген емханасына барып, дәрігерден жолдама алуы тиіс».

Мысал: егер гинекология бөлімінде жатқан науқас өз қалауымен бас миының МРТ-сын немесе хаттамада жоқ басқа тексеруді жасағысы келсе, ал дәрігер мұндай зерттеуге медициналық негіз таппаса, ол қызметті пациент өз қаражатына өтейді.
Тегін алу үшін емделуші ауруханадан шыққан соң жоспарлы түрде емханаға барып, көрсетілім болған жағдайда дәрігерден жолдама алуы керек.

Құқығыңызды қалай қорғауға болады
Қандай қызметтердің тегін екенін анықтау немесе МӘМС аясында тегін ұсынылуы тиіс медициналық көмек үшін ақы талап ету фактісі бойынша ең алдымен әрбір медициналық ұйымдағы Пациенттерді қолдау қызметіне жүгіну қажет. Бұл бөлім мәселелерді жедел шешуге арналған.

Егер мәселе осы деңгейде шешілмесе, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына мына арналар арқылы өтініш беруге болады:

  • Бірыңғай байланыс орталығы – 1414;
  • Қордың ресми порталы;
  • Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы.

Қор өтініштерді өз құзыреті аясында қарап, қажет болған жағдайда көрсетілген медициналық қызметтің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізеді.

Айта кетейік, жуырда МӘМС және медициналық қызмет көрсетуге қатысты заңнамаға өзгерістер енгізілді. Соның арқасында сақтандыру жүйесі халықтың үлкен бөлігін қамтиды, сақтандырылу мәртебесі ұзақ мерзім сақталады және мемлекет қаржыландыру үлесін арттырады.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button