Спорт

“Барыс” шабуылшысы Роман Старченконың жалақысы белгілі болды

Ресейлік журналист Артур Хайруллин өз Telegram-арнасында астаналық “Барыс” командасының шабуылшысы Роман Старченконың қанша табыс табатынын жариялады, деп хабарлайды dailykz.

“Роман Старченко “Барыспен” бір жылдық жаңа келісімшартқа қол қойды. Менің дерегім бойынша, оның жалақысы жылына шамамен 16 миллион рубльді құрайды”, — деп жазды Хайруллин.

Ағымдағы валюта бағамымен бұл шамамен 109,6 миллион теңге болады.

Старченконың жаңа келісімі туралы ақпарат кеше белгілі болды. Біржақты шарт 2026 жылдың 31 мамырына дейін күшінде болады.

Айта кетейік, 39 жастағы шабуылшы — Континенталдық хоккей лигасында бір команда сапында ең көп матч өткізген рекорд иегері. Сондай-ақ, ол “Барыс” тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде 208 шайбамен екінші орында тұр.

Өткен маусымда Старченко КХЛ-дың тұрақты чемпионатында 27 ойын өткізіп, 12 ұпай жинады (4 гол және 8 нәтижелі пас).

Роман Старченконың “Барыспен” келісімшарты мен жалақысы жанкүйерлер арасында қызу талқыланып жатыр.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button