Спорт
“Қайрат” UEFA Чемпиондар лигасында жеңісі үшін миллиардтар табыстады

Алматылық “Қайрат” командасы UEFA Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде словакиялық “Слованды” екі матчтық серияда пенальти арқылы жеңіп, плей-офф кезеңіне шықты.
Еуропаның басты клубтық турнирінің финалдық іріктеу кезеңіне шығу үшін “Қайрат” 4,29 миллион евро (шамамен 2,5 миллиард теңге) табыс тапты. Ал егер алматылықтар плей-офф кезеңінде жеңіске жетсе, олардың табысы 18,62 миллион евро (шамамен 11,7 миллиард теңге) дейін жетуі мүмкін.
“Қайрат” UEFA Чемпиондар лигасында жаңа рекордқа қол жеткізіп, Қазақстан футболының беделін арттырды.