“Слованның” бапкері тарихи жеңіс үшін “Қайратты” құттықтады

Словакиялық “Слован” футбол клубының бас бапкері Владимир Вайсс UEFA Чемпиондар лигасында қазақстандық “Қайратқа” жеңілісінен кейін алматылықтарды жеңістерімен құттықтады, деп хабарлайды dailykz.
Алматылық команда екі матчтық серияда словакиялық “Слованды” пенальти арқылы жеңіп, плей-офф кезеңіне шықты. Осы табысты нәтиже үшін “Слованның” бас бапкері Владимир Вайсс раздевалкаға кіріп, “Қайрат” футболшыларының қолын қысып, жеке-жеке құттықтады. Құттықтау сәтінің видеосы клубтың ресми Instagram парақшасында жарияланды.
Айта кетейік, Владимир Вайсс ұзақ жылдар бойы “Қайратты” баптаған. Ол 2013 жылдан 2016 жылға дейін Алматы командасының жолын басқарып, жасыл алаңда футболшыларға тәлім берген.
Бұған дейін қазіргі бапкер Рафаэль Уразбахтин тарихи жеңістен кейін команданы құттықтаған болатын.
Сонымен қатар, жарияланған ақпаратқа сәйкес, “Қайрат” UEFA Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шығу үшін айтарлықтай қаржылай табысқа қол жеткізгені белгілі болды.
“Қайрат” тарихи жеңісімен Қазақстан футболында жаңа белеске көтерілді.