“Челси” ойыншылары Диогу Жотаның отбасына клубтық әлем чемпионатының барлық бонусын берді

Лондондық “Челси” футболшылары клубтық әлем чемпионатындағы жеңіс үшін алған барлық бонусын қаза болған Диогу Жотаның отбасына аударды, деп хабарлайды dailykz РИА Спортқа сілтеме жасап.
Жуырда клубтық әлем біріншілігінде топ жарған “Челси” ойыншылары өздеріне тиесілі сыйақыны түгелдей португалиялық футболшының отбасына бағыттауды ұйғарған.
Турнирдегі жеңіс клубқа 114,6 миллион доллар табыс әкелді. Соның ішінде 15,5 миллион доллар бонус ретінде ойыншыларға бөлінген еді — енді бұл қаражат Жотаның отбасына беріледі.
Еске салайық, 3 шілде күні Испанияның Самора қаласында болған жол апатында “Ливерпуль” мен Португалия құрамасының жұлдызы, 28 жастағы Диогу Жота қаза тапты. Онымен бірге оның туған інісі Андре де өмірден өтті.
БАҚ мәліметінше, апатқа Lamborghini көлігінің жоғары жылдамдықпен озып бара жатқан сәтінде шинасының жарылуы себеп болған.
Айта кетейік, қайғылы оқиғаға бірнеше күн қалғанда Жота шаңырақ көтерген болатын.
Футболшының өліміне Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду да қайғыра көңіл білдірді.
“Челси” ойыншыларының бұл қадамы — футболдағы шынайы бауырмалдық пен құрметтің үлгісі.