Қазақстанда АИ-92 бензині қаңтар айындағы шектік баға алынып тасталғаннан кейін қаншаға қымбаттады

2025 жылдың ақпанында АИ-92 бензинінің бағасына қойылған шектеу алынып тасталды. Нәтижесінде жанармай құны біртіндеп өсе бастады. Қазір ірі қалалардағы баға деңгейі қандай екенін NUR.KZ мәліметтеріне сүйене отырып қарастырайық.
Жыл басында АИ-92 маркалы бензиннің шекті бағасы литріне 205 теңге болатын. Бірақ шектеу алынып тасталған соң, жанармай құю бекеттері бағаны кезең-кезеңімен көтерді. Біздің байқауымызша, орта есеппен баға айына бір-екі рет өсіп отырды.
2025 жылдың 14 тамызында ірі желідегі АЗС-тер тағы да бағаны қымбаттатты. “Яндекс Карталар” сервисіндегі мәліметке сүйенсек, ақпан айынан бастап жағдай келесідей:
Астана
Елордада ақпаннан тамызға дейін АИ-92 бензинінің бағасы 16–19 теңгеге өсті. Бұл – 7,8%-дан 9,2%-ға дейінгі қымбаттау және Қазақстан мегаполистері арасында ең жоғары өсім.
Қазір ең төмен баға – 221 теңге, ең жоғарысы – 224 теңге.
Алматы
Оңтүстік астанада ең қымбат АИ-92 – 223 теңге, ең арзан – 211 теңге.
Баға өсімі ақпаннан бері 6–18 теңге аралығында болды, бұл 2,9%-дан 8,8%-ға дейінгі қымбаттауды білдіреді. Осы көрсеткіш бойынша Алматы екінші орында.
Шымкент
Шымкентте баға бар болғаны 5 теңгеге (2,4%) өсті. Кейбір жанармай бекеттерінде ақпан айындағы 205 теңгелік деңгей сақталған. Бұл бастапқыда қаладағы бағаның шектік мәннен әлдеқайда төмен болуымен түсіндіріледі, сондықтан нақты өсім бұдан жоғары болуы мүмкін.