Есірткі қылмысына қарсы күрес үкімет деңгейінде жүргізіледі: Қазақстанда жаңа штаб құрылды

Қазақстан Үкіметі наркоманияның алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды үйлестіру мақсатында Республикалық штабтың құрылғанын хабарлады, деп жазады NUR.KZ.
Үкіметтің Telegram-арнасындағы ақпаратқа сәйкес, штаб президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылды. Оған Премьер-министр басшылық етеді, ал орынбасарлары болып Премьер-министрдің орынбасары мен Ішкі істер министрі белгіленді.
— “Штабтың негізгі міндеттері – мемлекеттік органдардың есірткімен күрес саласындағы жұмысын үйлестіру, алдын алу шараларын тиімді іске асыруға арналған тәсілдерді әзірлеу, наркозависімділіктің алдын алу, емдеу және оңалту жүйесін жетілдіру”, – делінген Үкімет хабарламасында.
Штаб құрамына Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қаржы мониторингі агенттігі, Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, сондай-ақ бірқатар жауапты министрліктердің басшылары енді.
Премьер-министрдің өкімімен облыстарда, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өңірлік штабтар құру да қарастырылған.
Еске салайық, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен есірткімен күрес мәселелері бойынша Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті.
— “Кез келген түрдегі есірткіні өндіру мен сатуға қатаң тыйым салынып, мемлекет тарапынан өте қатаң бақылау орнатылуы тиіс”, – деді Президент.
Кейін ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай ішкі істер министрлігінің қарамағындағы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық штабты Үкімет деңгейіне көшіру туралы тапсырманы мәлімдеді.