News

«КазМунайГаз» басшысы Тоқаевқа есеп берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасеновты қабылдады, деп хабарлайды dailykz Ақорданың деректеріне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Президентке ұлттық компанияның 2025 жылдың алғашқы жеті айындағы қызметінің нәтижесі туралы есеп ұсынылды.

Асхат Хасенов «ҚазМұнайГаз» компаниясының геологиялық барлау жұмыстарын белсенді жүргізіп жатқанын хабарлады. Биылғы жылы барлау аясында 7 ұңғыманы бұрғылау жоспарланған, оның 3-уі нақты жүзеге асырылды.

Ел тарихында алғаш рет геологиялық барлауға Қытайдың CNOOC компаниясы инвестиция салып отыр, сондай-ақ Sinopec компаниясы Қазақстанға ірі инвестициямен кіруде. Трансұлттық Shell, Chevron, British Petroleum компаниялары Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарындағы учаскелерді белсенді зерттеуде.

Есептік кезеңде мұнай мен конденсат өндірісі 15,3 млн тоннаны құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңінен 9%-ға жоғары. Табиғи және попутный газ өндірісі 6,7 млрд текше метрге жетті, бұл өткен жыл көрсеткішінен 19%-ға артық.

Газ өңдеуді арттыру жобалары Западная Прорва (Атырау), Урихтау (Ақтөбе), Рожковское (Батыс Қазақстан) кен орындарында жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, мұнай тасымалының көлемі 49 млн тоннаны құрады. Қосымша тасымалдау бағыттары дамытылуда: 7 ай ішінде Әзербайжанға 0,9 млн тонна, Германияға 1,1 млн тонна жеткізілді, Венгрияға Қазақстанның алғашқы мұнай партиясы – 85 мың тонна жіберілді.

Ұлттық мұнай өңдеу зауыттарында 2025 жылдың 7 айында 10,4 млн тонна мұнай өңделді. Жеңіл мұнай өнімдерінің өндірісі 7,8 млн тоннаға жетіп, рекордтық өсім 936 мың тоннаға тіркелді.

Асхат Хасенов Маңғыстау облысында жаңа Кендерлі зауытынан алғашқы теңіз суын ағызып, Жаңаөзен қаласының су тарату торабына жеткізілгенін атап өтті.

Гибридтік электр станциясын (247 МВт) салу жұмыстары жалғасуда. Жылдық қуаты 1 млн 250 мың тонна полиэтилен өндірілетін 7,4 млрд долларлық зауыт құрылысы толық көлемде басталды.

Сонымен қатар, компания ел өңірлеріндегі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру туралы ақпарат ұсынды.

Президент геологиялық барлау жұмыстарын жалғастыруды және ірі инвестициялық жобаларды іске асыруды жүйелі түрде жүргізуді тапсырды.

Кездесу күні Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кездесулер өткізді: алдымен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановты, кейін Қостанай облысының әкімі Кумар Аксакаловты қабылдады.

Сондай-ақ Президент Өзбекстан Олий Мажлисінің сенаты төрайымы Танзила Нарбаеваны қабылдап, оны екіжақты стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан қажырлы еңбегі үшін «Достық» орденінің II дәрежесімен марапаттады. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен парламенттер арасындағы байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button