Спорт
2025 жылғы бокстан әлем чемпионатына Қазақстан құрамасының құрамы жарияланды

Қазақстанның бокстан ұлттық құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысатын ресми құрамын жариялады, деп хабарлайды dailykz Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Әлем біріншілігі 4–14 қыркүйек аралығында Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтеді. Жарысты халықаралық World Boxing федерациясы ұйымдастырады.
Қазақстан атынан шаршы алаңға шығатын спортшылар тізімі мынадай:
Ерлер құрамасы
- 50 кг дейін — Санжар Ташкенбай
- 55 кг дейін — Махмуд Сабырхан
- 60 кг дейін — Бейбарыс Жексен
- 65 кг дейін — Ертуған Зейнуллинов
- 70 кг дейін — Торехан Сабырхан
- 75 кг дейін — Сабыржан Аққалықов
- 80 кг дейін — Нұрбек Оралбай
- 85 кг дейін — Бекзад Нұрдәулетов
- 90 кг дейін — Сауындық Тоғамбай
- 90 кг жоғары — Айбек Оралбай
Әйелдер құрамасы
- 48 кг дейін — Назым Қызайбай
- 51 кг дейін — Алуа Балқыбекова
- 54 кг дейін — Элина Базарова
- 57 кг дейін — Карина Ибрагимова
- 60 кг дейін — Виктория Графеева
- 65 кг дейін — Аида Әбікеева
- 70 кг дейін — Наталья Богданова
- 75 кг дейін — Надежда Рябец
- 80 кг дейін — Гүлсая Ержан
- 80 кг жоғары — Елдана Тәліпова
Айта кетейік, құрама сапында соңғы Олимпиаданың жүлдегерлері де бар. Париж-2024 ойындарында Нұрбек Оралбай күміс, ал Назым Қызайбай қола медаль иеленген болатын.