Спорт
Рыбакина АҚШ турниріндегі үздік нәтижесін қайталағаннан кейін әлемдік рейтингтегі орнын білді

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) ресми сайтында жеке және жұптық сайыстар бойынша жаңартылған рейтинг тізімін жариялады, деп хабарлайды dailykz.
Қазақстанның ең мықты әйел теннисшісі Елена Рыбакина жеке сында әлемдік рейтингте 10-орынды сақтап қалды. Өткен демалыс күндері спортшы АҚШ-тың Цинциннати қаласында өткен WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты. Осылайша Рыбакина турнирдегі ең үздік нәтижесін қайталап, қосымша рейтинг ұпайларын жинады.
Екінші ракеткамыз Юлия Путинцева сегіз саты төмендеп, қазір 54-орында тұр.
Әлемдік рейтингті белорусиялық Арина Соболенко бастап тұр. Цинциннати WTA 1000 турнирінің жеңімпазы поляк Ига Швентек екінші орынға көтерілді. Үздік үштікті америкалық Коко Гауфф толықтырады.