Спорт

Алматыда Halyk қолдауымен велоспорттан әлем чемпионаты өтеді

2025 жылдың 24 тамызында Алматы әлемдік велоспорттың орталығына айналады. Қазақстан тарихында алғаш рет мұнда Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтеді. Ауқымды шараға әртүрлі елден 500-ден астам спортшы қатысып, кәсіби велошабандоздар мен әуесқойларды бір алаңда тоғыстырады, деп хабарлайды dailykz.

Gran Fondo дегеніміз не?

Gran Fondo – әлемдік деңгейдегі бренд, тарихы жүз жылдан асады. Алғашқы жарыстар Италияда өткен, содан бері бұл формат Еуропадан Африкаға, АҚШ-тан Жаңа Зеландияға дейін кең тарады. Енді осы картаға Қазақстан да қосылып отыр.

Gran Fondo жарыстары ерекше атмосферасымен танымал. Мұнда әркім ұзақ қашықтықта өз күшін сынап, әртүрлі деңгейдегі маршруттарда бағын сынап, әлемдік велоқоғамдастық рухын сезіне алады.

Алматыдағы ерекше маршрут

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Алматыдағы жарыс маршруты өзгеше болмақ: ол мегаполистің заманауи келбеті мен Іле Алатауының әсем бөктерлерін біріктіреді. Қатысуға дайындық деңгейіне қарамастан кез келген жанға мүмкіндік бар. Сондықтан чемпионат бүкіл ел үшін тек спорттық қана емес, мәдени оқиғаға айналады.

Halyk – бас серіктес

Бұл чемпионаттың бас серіктесі – Halyk. Банк үшін бұл тек демеушілік емес, елде спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған стратегиялық қолдау.

Halyk басқарма төрағасының бірінші орынбасары Даурен Сартаев атап өтті:
“Біз үшін тек кәсіби спортты ғана емес, бұқаралық жобаларды қолдау маңызды. Gran Fondo – спорттың адамдарды біріктіретінін, қуат пен шабыт сыйлайтынын көрсететін жарқын мысал. Біз чемпионаттың серіктесі болғанымызға қуаныштымыз. Бұл – біздің ұзақ мерзімді бағытымыз: ұлттың денсаулығы мен болашағына инвестиция”.

Чемпионаттың маңызы

Алматыда әлем чемпионатын өткізу Қазақстанның халықаралық беделін арттырып қана қоймай, спорттық туризмнің дамуына және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға серпін береді.

Ұйымдастырушылар

Шараны Қазақстанның велоспорт федерациясы, Жетісу облысының велоспорт федерациясы, Алматы қаласының әкімдігі және Алматы велоспорт федерациясы ұйымдастыруда.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button