Спорт
Чемпиондар лигасы: «Селтик» — «Қайрат»

Алматының «Қайраты» 2025/26 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасында тарихи сапарын жалғастыруда. 20 тамыз күні, сәрсенбіде, қазақстандық клуб Шотландияның атақты «Селтигіне» қонаққа барады.
Қай кезде және қайда өтеді?
- Алғашқы ойын Глазгодағы «Селтик Парк» стадионында өтеді.
- Басталуы — жергілікті уақытпен 20:00-де (Астана уақытымен түнгі 00:00-де).
- Жауапты матч 26 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Билеттер сатылымға шыққаннан кейін бір жарым сағатта түгел сатылып кетті.
Матчты қайдан көруге болады?
Кездесуді тікелей эфирде Qazsport және QSport арналарынан тамашалауға болады. Сондай-ақ онлайн көрсетілім «Кинопоиск» платформасында қолжетімді.
Клубтардың жетістіктері
- «Қайрат» — Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, тұңғыш рет плей-офф кезеңіне дейін жетті.
- «Селтик» — Шотландияның ең атақты клубы, ел біріншілігінде 55 мәрте топ жарған. 1967 жылы Еуропа чемпиондар кубогын жеңіп алған.
Командалардың қазіргі жағдайы
- Қазақстан Премьер-лигасы қазір қызу жүріп жатыр. 20 турдан кейін «Қайраттың» 43 ұпайы бар, көшбасшы «Астанамен» теңесіп тұр. Соңғы матчта алматылықтар «Елімайға» 2:3 есебімен есе жіберді.
- Шотландия чемпионаты жаңа басталды. «Селтик» алғашқы екі ойында жеңіске жетіп, қақпасына гол жібермеді (жалпы есеп 3:0).
Құрамы және жұлдыздары
- «Қайраттың» құрамы €12,45 млн деп бағаланған. Ең қымбат ойыншысы — небәрі 16 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев (€1,8 млн).
- «Селтиктің» жалпы құны €131,15 млн. Команданың басты жұлдызы — Жапония құрамасының вингері Дайзен Маэда (€15 млн).
Бас бапкерлер
- «Қайратты» 46 жастағы қазақстандық маман Рафаэль Уразбахтин жаттықтырады.
- «Селтикті» 52 жастағы солтүстік ирландиялық Брендан Роджерс басқарады.
Маңызы
Бұл жұптағы жеңімпаз Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алады. Ал ұтылған команда Еуропа лигасында бақ сынайды.