Спорт

Қуаныштан көз жасы, теледидар алдындағы айқай: қазақстандықтар «Қайраттың» тарихи жеңісін қалай атап өтті

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде алматылық «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы тарихи жетістігін қалай қарсы алғандарын бөлісіп жатыр, деп хабарлайды dailykz.

Жанкүйерлердің реакциясы

Желіде жарияланған видеоларда қазақстандық жанкүйерлердің пенальти сериясы кезінде теледидар алдында эмоцияға беріліп, қуаныштан айқайлаған сәттері көрініс тапқан.

Көптеген бейнежазбаларда адамдардың қуаныштан көз жасына ерік бергені байқалады. Әсіресе шешуші соққыдан кейінгі шаттық кадрлары жанкүйерлердің қаншалықты тағатсыздана күткенін айқын көрсетеді.

Назар аударыңыз!

18+! Кейбір жазбаларда бейәдеп сөздер кездеседі.

Тарихи жеңіс

Еске сала кетсек, «Қайрат» Шотландияның «Селтигін» пенальти сериясында жеңіп, алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды. Қарсыластарын алматылықтар 28 тамыздағы жеребе тартудан кейін біледі.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button