Спорт

«Қайрат» – «Реал» матчы: қазақстандық клуб билеттер сатылымы туралы мәлімдеме жасады

Футбол клубы «Қайрат» әлеуметтік желілерде тарап жатқан «Реал Мадридке» қарсы матч билеттерінің сатылымы жөніндегі ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме таратты, деп хабарлайды dailykz.

Клубтың ресми дерегіне сүйенсек, УЕФА Чемпиондар лигасы аясындағы «Қайрат» – «Реал Мадрид» кездесуіне билеттердің сатылуы немесе алдын ала броньдау туралы әлеуметтік желілерде жарияланған хабарламалар шындыққа жанаспайды және жанкүйерлерді шатастырады.

«Билеттерге қатысты барлық ресми ақпарат тек клубтың ресми сайты мен әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жарияланады. Қазіргі таңда билеттердің сатылым басталатын күні мен бағасы әлі белгіленген жоқ. Сондықтан жанкүйерлерден бөгде дереккөздерге сенбеуді және бейресми арналар арқылы ешқандай сатып алулар жасамауды сұраймыз», – делінген «Қайраттың» хабарламасында.

Бұған дейін «Қайрат» пен мадридтік «Реалдың» 30 қыркүйекте Алматыда кездесетіні айтылған болатын. Матч қаланың Орталық стадионында өтеді. Ойынның басталуы – Еуропа уақытымен 18:45-те, ал жергілікті уақыт бойынша 21:45-те.

Сонымен қатар, ресми сайттарда сатылым басталғаны туралы хабарланбағанымен, кейбір билет агрегаторларында түрлі ақпарат шыға бастағаны айтылды. Кейінірек алдағы кездесудің билеттеріне қатысты «қайдан және қалай алуға болатыны, бағасы қандай болатыны» жөнінде бейресми деректер де таралды.

«Қайрат» – «Реал» матчына билеттер сатылымы туралы барлық ресми ақпарат тек клубтың ресми арналарында жарияланатынын жанкүйерлер естен шығармауы керек.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button