Спорт

«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасындағы жеңістен кейін тағы бір матчта жеңіске жетті

Алматылық «Қайрат» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының 22-турында сырт алаңда көкшетаулық «Оқжетпесті» ұтып, маңызды үш ұпайға қол жеткізді, деп хабарлайды dailykz.

Кездесу Көкшетаудағы «Оқжетпес» стадионында өтті. Ойынның жалғыз голын португалиялық шабуылшы Жоржиньо сегізінші минутта соғып, матч 0:1 есебімен аяқталды.

Бұл жеңістің арқасында алматылық команда ұпайын 46-ға жеткізді. Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері қазір «Астанамен» бірге көш бастап келеді. Алайда 44 ұпайы бар Қостанайдың «Тобылы» бір ойынды әлі өткізіп үлгермеген.

Ал көкшетаулық «Оқжетпес» 22 турдан кейін 32 ұпай жинап, турнир кестесінде алтыншы орында тұр.

Айта кетейік, Премьер-лига ойындары қазақстандық ұлттық құраманың матчтарына байланысты уақытша үзіліске кетеді.

«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы сәттіліктен кейін ел біріншілігінде де жеңісті жолын жалғастыруда.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button