Спорт

Жапонияда өтетін 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының өткізілу тәртібі белгілі болды

Астанада 2026 жылғы жазғы Азия ойындарына арналған баспасөз конференциясы өтті. Ойындар 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында ұйымдастырылады, деп хабарлайды dailykz.

Жарыстың ресми ұйымдастырушылары – Азия Олимпиада кеңесі (OCA) мен Азияны ұйымдастыру комитеті.

Азиада-2026 бағдарламасына 41 спорт түрі енгізілген. Барлығы 68 дисциплина бойынша 460 медаль жиынтығы сарапқа салынады: ерлер арасында – 217, әйелдер арасында – 204 және аралас санатта – 39. Жарыстарға олимпиадалық, олимпиадалық емес және дәстүрлі азиялық спорт түрлері кіреді.

Ашылу және жабылу салтанаттары New Paloma Mizuho Stadium аренасында өтеді. Айта кетейік, Жапония жазғы Азия ойындарын үшінші рет қабылдайды. Бұған дейін ойындар 1958 жылы Токиода және 1994 жылы Хиросимада өткен болатын.

Күтілгендей, Қазақстан құрамасын 500-ден астам спортшы таныстырады. Олар шамамен 30 спорт түрінде бақ сынайды.

Еске сала кетейік, Қазақстан 1994 жылдан бері жазғы Азия ойындарына тұрақты қатысып келеді. Соңғы рет Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азиадада ұлттық құрамамыз жалпыкомандалық есепте 11-орынға тұрақтап, 10 алтын, 22 күміс және 48 қола медаль жеңіп алған еді.

2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан спортшылары жоғары нәтижеге жетіп, ел абыройын асқақтатуға дайын.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button