Спорт

Александр Бублик US Open-дегі табыстан кейін әлемдік рейтингтің ТОП-20-на оралды

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) ресми сайтында жекелей және жұптық разрядтағы жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды dailykz.

Бублик алғаш рет US Open-де 1/8 финалға шықты

Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик өз позициясын айтарлықтай жақсартып, бес сатыға көтерілді. Қазіргі уақытта ол әлемдік рейтингте 19-орында тұр.

Бұл нәтижеге АҚШ-та өткен Үлкен дулыға турниріндегі табысты ойын ықпал етті. Александр алғаш рет карьерасында US Open жарысының 1/8 финалына дейін жетіп, итальяндық Янник Синнерге жол берді.

Әлемдік рейтингтегі өзгерістер

US Open финалында жеңіске жеткен испандық Карлос Алькарас әлемнің бірінші ракеткасына айналды.
Екінші орында – оның финалдағы қарсыласы, италиялық Янник Синнер.
Үздік үштікті германиялық Александр Зверев түйіндеді.
Ал сербиялық Новак Джокович үш сатыға көтеріліп, төртінші орынға жайғасты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) да ресми сайтында жекелей және жұптық разрядтағы жаңартылған рейтингті жариялаған еді.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button