News

«Надежді серіктестердің бірі»: Тоқаев Солтүстік Македония президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Македония Республикасының президенті Гордана Сильяновска-Давковаға ұлттық мереке – Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды dailykz Ақордаға сілтеме жасап.


Дәстүрлі достық пен серіктестік

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Балқан түбегіндегі сенімді серіктестерінің бірі саналатын Солтүстік Македониямен ынтымақтастық дәстүрлі достық пен өзара түсіністік рухында дами беретініне сенім білдірді.


Бұрынғы байланыстар

Айта кетсек, 2023 жылы Астанаға Солтүстік Македонияның сыртқы істер министрі әрі ЕҚЫҰ төрағасы Буяр Османи ресми сапармен келген болатын.

Сол кездегі кездесулер барысында Солтүстік Македония қазақстандықтар үшін визасыз режим енгізуі мүмкін екені айтылған. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлімдеген еді.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button