2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу матчында Израиль мен Италия құрамалары 9 гол соқты

8-ден 9 қыркүйекке қараған түні Қазақстан уақытымен 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің кезекті матчтары өтті, деп хабарлайды dailykz тілшісі. Сол күннің ең нәтижелі кездесуі – Израиль мен Италия құрамалары арасындағы матч болды. I тобының алтыншы туры Венгрияның Дебрецен қаласында өткен ойын 5:4 есебімен қонақтар пайдасына аяқталды.
Италия құрамасында дубль жасаған ойыншы – Мойзе Кин (40, 54 минут), сондай-ақ гол соққандар: Маттео Политано (59), Джакомо Распадори (89) және Сандро Тонали (90+1). Қонақтар қақпасына автогол соққандар: Мануэль Локателли (16) және Алессандро Бастони (87). Израиль құрамасында дубль жасаған ойыншы – Дор Перец (52, 90).
Осы жеңіс Италия құрамасына 9 ұпай жинауға мүмкіндік беріп, қосымша көрсеткіштер бойынша Израильді артта қалдырды. Жоғарғы орында тек Норвегия тұр, олардың есебінде 12 ұпай бар.
8 қыркүйекке арналған UEFA аймағындағы іріктеу матчтарының толық нәтижесі:
- Израиль — Италия: 4:5 (I тобы)
- Хорватия — Черногория: 4:0 (L тобы)
- Гибралтар — Фарер аралдары: 0:1 (L тобы)
- Швейцария — Словения: 3:0 (В тобы)
- Косово — Швеция: 2:0 (В тобы)
- Греция — Дания: 0:3 (С тобы)
- Беларусь — Шотландия: 0:2 (С тобы)
2026 жылғы Әлем чемпионатына тура жолдама барлық 12 топта бірінші орын алған командаларға беріледі. Ал екінші орын алған командалар плей-оффқа қатысып, UEFA аймағынан тағы төрт жолдамаға таласады.




