Спорт

Қазақстандық Айда Әбикеевa әлем чемпионатының бокстан медалі үшін бақ сынайды

Қазақстан ұлттық бокстан құрама командасының өкілі Айда Әбикеевa Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының төрттен финалына шықты, деп хабарлайды dailykz тілшісі.

Қазақстандық спортшының төрттен финалға шығу жолындағы қарсыласы Оңтүстік Кореядан келген Кан Сукён болды. Жекпе-жек 65 килограммға дейінгі салмақта өтті. Ойын нәтижесінде Әбикеевa төрешілердің бірауыздан шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Төрттен финалға шығып, әлем чемпионатының медаліне қол жеткізу үшін Айда Әбикеевa турік спортшысы Бусеназ Сюрменалимен кездеспек. Бұл жекпе-жек 10 қыркүйекте кешкі сессияда өтеді.

Қазіргі таңда әйелдер құрамасынан төрттен финалға Карина Ибраһимова, Наталья Богданова, Айда Әбикеевa және Гүлсая Ержан шықты.

Бүгін тағы үш спортшы жартылай финалға шығу жолындағы жолдама үшін сынға түседі: Назым Қызайбай, Алуа Балкибекова және Виктория Графеева.

Ал екі қазақстандық спортшы әлем чемпионаты-2025 жарысын аяқтады: Надежда Рябец пен Элина Базарова.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button