News

Марат Ашим Қазақстан Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

Қазақстанда жаңа Президент кеңесшісі тағайындалды. Бұл қызметке Марат Ашим келді. Сонымен қатар, ол Қазақстан Президентінің Протокол қызметінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды dailykz Акорда дерегіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ашим Қазақстан Республикасының Президентінің кеңесшісі – Президенттің Протокол қызметінің басшысы болып тағайындалды», – делінген Акорда хабарламасында.

Акорда сайтында Марат Ашымның өмірбаяны да берілген.

Марат Ашим 1987 жылы Алматыда дүниеге келген.

  • 2008 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-ды халықаралық құқық мамандығы бойынша бітірген.
  • 2010 жылы экономика және бизнес бакалавры дәрежесін алған.
  • 2010 жылы Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтында магистратураны тәмамдаған.

Еңбек жолы:

  • 2008–2009 жылдары – жеке компанияда заңгер.
  • 2009 жылдан бастап – ҚР СІМ кадрлар басқармасы атташесі.
  • 2010–2012 жылдары – ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінде үшінші хатшы.
  • 2012–2017 жылдары – Қазақстан Президенті әкімшілігінде протокол жөніндегі референт, сарапшы, консультант, инспектор.
  • 2017–2018 жылдары – Президент протоколының секторының меңгерушісі.
  • 2018 жылғы сәуірден бастап – Президент протоколының орынбасары.
  • 2023 жылғы 15 наурыздан бастап – Президент Протокол қызметінің басшысы.

Марат Ашим II дәрежелі ерекше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесіне ие.

Еске салсақ, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше тағайындау жасады. Солардың ішінде баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды. Сондай-ақ, «Қазақтелеком» экс-басшысы Қуанышбек Есекеев Президенттің көмекшісі болып тағайындалды.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button