Бектенов Қазақстанда күмәнді әлеуметтік жеңілдіктер мен төлемдерді жоюды тапсырды

Премьер-министр Бектенов әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру және күмәнді жеңілдіктер мен төлемдерді алып тастау жөніндегі нақты тапсырма берді.
«Еңбек министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдар және әкімдіктермен бірлесіп, барлық өңірлер үшін біртұтас әлеуметтік қолдау шаралары стандарты әзірлеу қажет, оны 1 желтоқсанға дейін бекіту керек. Барлық күмәнді және тиімсіз әлеуметтік жеңілдіктер мен төлемдерді жою қажет.
Әлеуметтік әділдікті сақтай отырып, біз иждивеншілік психологиясына қарсы шаралар қабылдаймыз. Үкіметтің міндеті – барлық азаматтарға тең жағдай жасау, ал әрбір азамат жұмыс табуға, өзіне және отбасы мүшелеріне қамқор болуға ұмтылуы тиіс. Мемлекет тек шын мәнінде мұқтаж азаматтарға ғана көмек көрсетуі керек», – деді премьер-министр.
Сонымен қатар, ол Еңбек министрлігі мен Цифрландыру министрлігі бірлесіп, 1 қарашаға дейін Еңбек министрлігінде әлеуметтік салаға арналған Біртұтас цифрлық платформаны енгізу керектігін айтты.
Еске салсақ, кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Жолдауында СУСН санатындағы әлеуметтік төлемдерді біріздендіру қажеттігін атап өткен еді.
Кейіннен Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жакупова Президенттің сөздеріне түсініктеме берді:
«Жеңілдіктерді алып тастау, біреудің құқығынан айыру… жеңілдіктерді оңтайландыру – бұл тиімділікті қамтамасыз ету. Негізгі мақсат – әлеуметтік иждивеншілік пен алаяқтықты жою», – деді Жакупова.