Қазақстанда жедел жәрдем дәрігерлері мен стационар қызметкерлері пациенттерді видеоға түсіреді

Қазақстанда дәрігерлер пациенттерді қабылдау және оларға медициналық көмек көрсету процесін видеоға жазуға мүмкіндік алады. Бұл шара медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілмек, деп хабарлайды dailykz.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова үкімет отырысында медициналық қызметкерлерді қорғауға арналған шараларды баяндады.
«Медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2100 жедел жәрдем бригадасы видеожетондармен, ал 644 стационар қабылдау бөлмесі видеорегистраторлармен жабдықталады», – деді министр.
Сонымен қатар, министрлік 2026 жылы аймақ әкімдеріне кадр тапшылығы жоғары, әсіресе дәрігерлерге төтенше қажеттілік бар мамандықтар бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етуді тапсырмақ.
Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облыстық ауруханасында хирургке шабуыл жасалып, ол реанимацияға түскен жағдай тіркелген. Сондай-ақ, Қарағандағы жеке медициналық мекемеде қызметкерге пациенттің ері келіп, шабуыл жасаған жағдай болған.
Қазақстанда бұған дейін дәрігерлерге жасалған шабуылдарға полиция мен орманшыларға жасалғандай қатаң жаза қолдану ұсынылған еді.