Phone үшін басы бәлеге қалды: қазақстандық жігіт танысының телефоны үшін жауап беруде » DailyKz
News

Phone үшін басы бәлеге қалды: қазақстандық жігіт танысының телефоны үшін жауап беруде

Polisia.kz медиапорталы хабарлағандай, жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында бұрын сотталған Атырау облысының тұрғынының Батыс Қазақстан облысы тұрғынына қатысты тонау қылмысын жасағаны анықталды.

Тергеу деректеріне сүйенсек, биылғы жазда күдікті жәбірленушінің пәтерінде болып, қорқыту арқылы оның iPhone 15 маркалы ұялы телефонын тартып алған. Кейін ол қызды телефонды ломбардқа өткізуге мәжбүрлеген. Барлық әрекет күдіктінің бақылауында болған. Телефонды өткізген соң алынған 500 мың теңгені қолына түсірген ер адам оқиға орнынан ізін суытқан.

Қазіргі таңда бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ, жуырда Түркістан облысында полицейлер жергілікті тұрғыннан 1,5 миллион теңге бопсалаған күдіктілер тобын қолға түсірді. Олар жәбірленушіге күш қолданамыз деп қорқытқан.

Бұған дейін Ақтөбе облысында да осындай жағдай тіркелген. Онда жергілікті тұрғын екі жыл бойы бір топ адамның қысымымен ақша беруге мәжбүр болып, тіпті қарыздарын өтеу үшін микрокредит ұйымдарынан несие алған. Ұсталғандардан пневматикалық қару, үш оқжатар, бүктелмелі пышақ және байланыс сигналын басуға арналған арнайы құрылғы тәркіленді.

Павлодар қаласында да әскери қызметшіден ақша бопсалаған екі күдікті қолға түсті. Полицияның хабарлауынша, олар қылмыстық ортаға қатысы бар және бірқатар құқықбұзушылықтарға байланысты тергеу аясындағы адамдардың ықпалында болған.

Related Articles

Back to top button