Елена Рыбакина Токио турнирінің ширек финалына шықты » DailyKz
Спорт

Елена Рыбакина Токио турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте жетінші орында тұрған Елена Рыбакина Токиода өтіп жатқан WTA 500 санатындағы хард турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды dailykz тілшісі.

Жарыста екінші нөмірмен шыққан Рыбакина алғашқы айналымды автоматты түрде өткізіп, екінші кезеңде канадалық Лейла Фернандеспен (әлемнің 22-ракеткасы) кездесті.

Матч екі сетпен аяқталып, қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 6:3 есебімен сенімді түрде ұтты. Кездесу 1 сағат 28 минутқа созылды.

Ойын барысында Елена бес эйс жасап, үш қосарланған қателікке жол берді және төрт брейк-пойнттың үшеуін тиімді пайдаланды.

Бұл жеңіс Рыбакинаға Токио турнирінің ширек финалына жол ашты. Енді ол келесі айналымда тағы бір канадалық спортшы — Виктория Мбокомен (әлемдік рейтингте 23-орын, тоғызыншы нөмір) кездеседі.

Өткен аптада Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өткен хард турнирінің чемпионы атанған еді. Бұл — теннисшінің кәсіби мансабындағы оныншы титулы.

Елена Рыбакина Токио турнирінің ширек финалында Қазақстан атын тағы бір мәрте асқақтатуға дайын.

Related Articles

Back to top button