Токаевтің Республика күніне арналған шарадағы толық видеосөзі жарияланды

Токаевтің Республика күніне арналған салтанатты шарадағы видеосөзі жарияланды. Ел Президенті қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп хабарлайды dailykz Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарын ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтады.
«Биыл біздің ел маңызды межеге келді – 35 жыл бұрын Қазақстанның Тәуелсіздігі туралы Декларация қабылданған болатын. Сол күннен бастап біздің көпғасырлық мемлекеттілік дәстүріміз жаңғырды, Тәуелсіздік туы биікке көтерілді», – деді Мемлекет басшысы.
Құттықтау сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ЖІӨ-нің ТМД елдері арасында ең жоғары көрсеткіштердің бірі екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Президент қазіргі тұрақсыз уақытта салмақты дипломатия дәстүріне негізделген сыртқы саясаттың маңызы ерекше екенін айтты.
Мемлекет басшысы өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды жеткізудің маңыздылығын ерекше атап көрсетті:
«Біз тұрақтылықты және келісімді бағалауымыз қажет. Өсіп келе жатқан ұрпаққа осы құндылықтарды дұрыс түсіндіру, оларға дұрыс өмірлік бағдар беру өте маңызды. Елдің болашағы – жастардың қолында. Сондықтан, ең алдымен, жас азаматтарымызды – Адал азамат ретінде тәрбиелеуіміз қажет», – деді Президент.
Сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнесті қолдаудың алдағы уақытта қолданылатын шаралары туралы да айтты.
Сондай-ақ Президент әлеуметтік желілердегі пікірталастарды қауіпті әлеуметтік құбылыс деп атады:
«Интернеттегі талқылау бір тақырыптан басталып, кейде шексіз пікірталасқа айналады, бұл “өте қауіпті әлеуметтік дерт” деп атауға болатын құбылысқа айналады. Мұндай дерттен арылуымыз қажет», – деді Мемлекет басшысы.
Республика күніне орай Президент бірқатар қоғамдық, мәдени және спорт қайраткерлерін марапаттады. Олардың арасында UFC чемпиондық белбеуіне үміткер Шавкат Рахмонов та бар.



